Динара Сәдуақасова шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

29.12.2022 в 09:27

Қалған қазақстандық шахматшылардан Жансая Әбдімәлік бесінші, Бибісара Асаубаева 29-орынға орын алды

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова шахматтың рапид түрінен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық ойыншы мен қытайлық Тань Чжунъи 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, тай-брейкте шеберлік байқасты. Шешуші сәтте Тань Чжунъидің мерейі үстем түсті. Қола жүлде үндістандық Савита Шриге бұйырды.

Қалған қазақстандық шахматшылардан Жансая Әбдімәлік бесінші, Бибісара Асаубаева 29-орынға орын алды.

Былтыр әлем чемпионатында отандасымыз Бибісара Асаубаева рапид шахматтан күміске ие болған.