Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа түсірді

15.12.2021 в 09:50

Әшімов Киев қаласындағы Mahatch FC турнирінде жалаң жұдырықпен өтетін жекпе-жекке алғаш рет қатысты

Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жегінде бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Белякті жеңді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.

Жекпе-жек Киевте Украина лигасының Mahatch FC турнирінде өтті. Қазақстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Видеоны төменде көруге болады.

Еске сала кетейік, Әшімов ережесіз жекпе-жектегі соңғы айқасын 3 қазанда Naiza Fighting Championship 34 турнирінде өткізіп, әзербайжан спортшысы Серхан Валилиді нокаутқа түсірген болатын. Осылайша ол 14-ші жеңісіне қол жеткізді. 

Дереккөзі: sputnik.kz

ТҰСАУКЕСЕР! «Менің бапкерім» телехикаясы | 1-серия