13 жастағы қазақстандық Словакиядағы турнирде финалға шықты

13.03.2022 в 10:01

Жартылай финалда Нұрланұлы қытайлық Янхонга Лиді 6:1, 6:1 есебімен ұтты

Жас қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Словакияда өтіп жатқан Baseline Open U-14 2022 Tennis Europe сериясының екінші категориядағы турнирінде финалға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Нұрланұлы қытайлық Янхонга Лиді 6:1, 6:1 есебімен ұтты. Ал финалда 13 жастағы Заңғар Словениядан келген Зиго Шешкоға қарсы ойнайды.

Ақпанда Нұрланұлы Францияда өткен беделді теннис турнирінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, 14 жастағы қазақстандық теннисші үшінші ай қатарынан чемпиондық жарыста көш бастап тұр. 8 наурызда Tennis Europe (TE) ұйымы 2022 жылы күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters-ке жаңартылған рейтинг жариялады.