Головкин әлем чемпионы атағынан бас тартты

08.02.2023 в 09:58

Бұл туралы бразилиялық журналист кіші Уилсон Балдини айтты

Боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF нұсқасы бойынша чемпион атағынан бас тартты. Бұл туралы бразилиялық журналист кіші Уилсон Балдини айтты,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"GGG IBF атағынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?" - деп жазды Уилсон әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) IBF (Халықаралық бокс федерациясы) бойынша қазақстандықтың атағына үміткер болған. Бұл ретте IBF тарапынан әлі ресми мәлімдеме жасалмаған.