«Астана» - жеті дүркін Қазақстан чемпионы

07.11.2022 в 10:05

Футболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Футболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Биыл елордалық ұжым тарихында жетінші мәрте чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Соңғы турда «Астана» сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, екінші орындағы «Ақтөбені» жеткізбеді.

Күміс жүлдені «Ақтөбе» қанжығасына байласа, үшінші орынға былтырғы чемпион «Тобыл» тұрақтады.

Оқи отырыңыз: Төрт нокдаун және нокаут: қазақстандық боксшы белбеуін сәтті қорғады