Арман Оспанов АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңілді

11.06.2021 в 10:18

UFC-тегі тәжірибелі спортшы Крис Уэйд PFL-де жетінші рет жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Арман Оспановтың АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен (11-4) жеңілген сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ге сілтеме жасап.

Professional Fighters League турнирінде Арман Оспановты екінші раундта америкалық Крис Уэйд (19-6)  нокаутпен жеңді.

Сонымен, шаршы алаңда 19 рет жеңімпаз атанған UFC-тегі тәжірибелі спортшы Крис Уэйд PFL-де жетінші рет жеңіске жетті.