Әбілхан Аманқұл 3-ші жекпе-жегін нокаутпен жеңді

16.04.2023 в 12:01

Жамбылдық боксшы мексикалықты екінші раундта нокаутқа түсірді

25 жастағы кәсіпқой боксшысы Әбілхан Аманқұл америкалық рингтегі мексикалық Даниэль Эчеверриамен үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Помон қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде қазақ боксшысы Әбілхан Аманқұл мексикалық қарсыласын жеңіп шықты. Бұл жекпе-жекке дейін екі рет жеңіске жеткен Әбілхан бұл жолы Даниэль Эчеверрианы (21-11, 18 КО) жеңді. Жамбылдық боксшы мексикалықты екінші раундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Әбілхан үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы үшінші жеңісі болды.

Бокстың бұл кешінде тағы бір қазақстандық Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) венесуэлалық Эбер Рондонды (20-3, 13 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.