Қазақстандық боксшы WBC атағы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

22.04.2023 в 10:27

Дәулет Дәукенов Оломоуцте (Чехия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті

Дәукенов никарагуалық Робин Саморамен (19-19, 9 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақта өткен кездесу 8 раундқа есептелген. Жеңген спортшы ТМД бокс бюросы, славян және балтық елдерінің екінші дәрежелі WBC белдігін алатын еді. Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшыға берілді.

Осылайша, Дәулет Дәукенов кәсіби бокс мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді және екінші дәрежелі WBC белдігін жеңіп алды. Ал Самора кәсіби рингте 20-шы рет жеңілді.