Қазақстандық гимнастар синхронды секіруден әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

06.06.2021 в 13:38

Қазақстан намысын Данил Мұсабаев пен Роман Барков қорғаған болатын

Қазақстандық гимнастар синхронды секіруден әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі olympic.kz-ге сілтеме жасап.

Италияның Брешиа қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогі өтіп жатыр. Аталған сында отандық гимнастар да бақ сынауда.

Қазақстан намысын Данил Мұсабаев пен Роман Барков қорғаған болатын. Синхронды секіруде олар турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, кеше өткен жекелей сында Данил Мұсабаев 13, ал Роман Барков 17-орыннан көрініп, финалдан сырт қалған болатын.