Шавкат Рахмонов Алматыға келді

13.03.2023 в 10:29

Спортшыны UFC-дегі кезекті жарқын жеңісімен құттықтауға туыстары мен жанкүйерлері қарсы алды

Бүгін, 13 наурызда қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновты Алматы әуежайында күтіп алды. Спортшыны UFC-дегі кезекті жарқын жеңісімен құттықтауға туыстары мен жанкүйерлері келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рақмет! Мені осылай зор құрметпен қарсы алғандарыңызға өте қуаныштымын. Туған жерімді қатты сағындым. DAR Team командасына, жаттықтырушыларға және барлық қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын", - деді спортшы.

Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты