Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандар анықталды

12.08.2021 в 10:30

Уфа бозкілемінде 10 спортшы ел намысын қорғайды

Башқұртстанның (Ресей Федерациясы) Уфа қаласында күрес түрлерінен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде грек-рим күресінен әлемдік сынға қатысатын қазақстандық балуандар анықталды. Уфа бозкілемінде төмендегі спортшылар ел намысын қорғайды:

55 келі: Исхар Құрбанов

60 келі: Нұрсұлтан Базарбаев

63 келі: Диас Әскербай

67 келі: Дінмұхаммед Қошқар

72 келі: Әбдіәзім Қарабаев

77 келі: Расул Жүніс

82 келі: Әзімхан Абдалиев

87 келі: Мақсат Сайлау

97 келі: Ерзат Ерланов

130 келі: Асылбек Жәнібекұлы

Команданың аға жаттықтырушысы: Нұрым Дүйсенов.

Tags: күрес