Елдос Сметов жартылай финалға шықты

24.07.2021 в 10:55

Ширек финалда Елдос Сметов Оңтүстік Кореяның үміті Ким Вон Джинмен белдескен болатын

Токиодағы Олимпиада ойныдарында 60 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан дзюдошы Елдос Сметов ширек финалда кореялық қарсыласын сүріндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ширек финалда Елдос Сметов Оңтүстік Кореяның үміті Ким Вон Джинмен белдескен болатын. Қазақстандық дзюдошы қарсыласын «иппон» әдісімен ұтып кетті.

Еске салсақ, бұған дейін Елдос Сметов түркиялық қарсыласынан басым түскен болатын.