Бокс: Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

24.07.2021 в 10:59

Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті

Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті. Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ.

Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Есеп – 5:0.