Алматыда қазақша күрестен турнир өтіп жатыр

23.10.2021 в 11:06

Алматыдағы Спорт және туризм академиясында студенттер арасында қазақша күрестен турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Ербол Сыпатаев атындағы жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Ербол Сыпатаев – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Ол 1964 жылы Талдықорған облысының Көктал ауылында дүниеге келген. Алматыдағы Энергетика институтында оқып жүргенінде қазақ жастарының отаршылдық-әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене катысқан. 18 желтоқсанда ауыр жараланып, 23 желтоқсанда көз жұмған.