Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

18.04.2023 в 11:20

Ол қытайлық шахматшыдан басым түсті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлем және Қазақстан әйелдер құрамасының бірінші матчында шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды жеңілгенін мойындауға мәжбүр етті. Бибісара әйелдер арасында ФИДЕ-де ең жоғары рейтингке ие шахматшыдан басым түсті, деп жазды аlga.peterburg Instagram парақшасы.

"Бибісара 2021 жылы шахмат тарихында блицтен ең жас чемпион атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы болды! Бүгін де Бибісарамыз бізді керемет жаңалығымен қуантып отыр, мынадай керемет жеңісімен!",  –  делінген хабарламада.