Қытайда өтіп жатқан Азиадада қоржынға қола медаль түсті

29.09.2023 в 11:34

Қазақстандықтар спорттың 17 түрінен бақ сынап жатыр

Қытайда өтіп жатқан Азиадада қоржынға тағы бір медаль түсті. Аян Бейсенбаев триатлонда қола алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін қазақстандықтар спорттың 17 түрінен бақ сынап жатыр. Оның ішінде жеңіл атлетика, нысананы көздеп ату, семсерлесу жарысы бар. Ең бірінші ойын – гольф. Астана уақытымен сағат 17:00-де басталды. Көп сайыстардың нәтижесі шығып та қойған. Дәл қазір Қазақстан 3 алтын, 3 күміс және 16 қоламен қатысушы елдердің арасында 11-орында тұр. 90 алтын еншілеген қытайлық спортшылар бірінші орынды берер емес.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында үшінші алтын медальді жеңіп алды