Алматылық Милад Карими әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

06.03.2022 в 12:02

Ол 14,566 ұпай жинап, қорытынды тізімде екінші орынды еншіледі

Бұл күндері Дохада (Катар) спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр. Қазақстандық гимнаст Милад Карими маңызды стартта күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы қоссырықтағы жаттығуларда бақ сынаған болатын. Ол 14,566 ұпай жинап, қорытынды тізімде екінші орынды еншіледі.

Бірінші орынды украиндық спортшы Илья Ковтун иеленсе, қола медальді ресейлік Иван Куляк жеңіп алды.

Tags: медали