Азия кубогі: Қазақстан құрамасы жарыстың бірінші күнінде 8 медаль жеңіп алды

06.04.2022 в 12:29

Жарысқа әр бойынша 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр

Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогінің бірінші күнінде сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

ҰОК мәліметінше, Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия кубогі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және төрт қола медальға қол жеткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

Алтын - Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг)

Алтын - Дана Абдирова (57 кг)

Күміс - Зере Өтепқали (40 кг)

Күміс - Талғат Орынбасар (60 кг)

Қола - Сабина Юлдашбекова (40 кг)

Қола - Іңкәр Құралбай (44 кг)

Қола - Рамазан Сүйіндіков (55 кг)

Қола - Данил Сұлтанхан (55 кг)