Билік рұқсат бермеді: Головкин мен Мурата биыл жұдырықтаса алмайды

03.12.2021 в 11:45

ESPN мәліметінше, себеп - COVID бойынша Жапониядағы жаңа шектеулер

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ESPN мәліметінше, себеп - COVID бойынша Жапониядағы жаңа шектеулер. Енді елге шетелден кіргуе рұқсат жоқ. Бұл шара вирустың "омикрон" штамы таралмас үшін жасалған.

Ресми тұлғалар Головкин үшін жеңілдік сұраған, алайда, Жапония үкіметі бас тартты. Енді 29 желтоқсанға белгіленген жекпе-жек келесі жылға шегеріледі деп жоспарланып отыр.

Туған қызынан теріс айналған ана І Шешімі бар