Қуат Хамитов Алматыда өткен турнирде ресейлікті жеңді

20.05.2023 в 14:35

Бұл оның 26-жеңісі

Алматы қаласында өткен Hardcore Fighting Championsip (HFC) лигасының турнирінде Қуат Хамитов жеңіске жетті, деп жазады Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы аренада» өткен турнирде Қуат Хамитов ресейлік Залимхан «Сабмишн Кинг» Юсуповпен жекпе-жекке шықты.

Үш раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін барып, төрешілердің шемімімен отандық спортшының мерейі үстем болды.

Осылайша, қазақстандық файтер кәсіби мансабында жиырма алтыншы жеңісіне қол жеткізді.