Қазақстандық дзюдошы Гран-приде медаль жеңіп алды

20.08.2023 в 12:39

Турнир Хорватияда өтті

Қазақстандық дзюдошы Бақытжан Әбдірахманов Загребтегі (Хорватия) Гран-приде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жұбаныш финалында вазари ұпайы бойынша Косово өкілі Акил Кияковты жеңді.

Бақытжан Әбдірахманов жарыс кезінде Әбдірахманов барлығы бес жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті.

Бұл - осы турнирдегі ел қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін Айболат Ыстыбай 66 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған еді.