Футбол: Франция құрамасы Қазақстанға ұшып келді

27.03.2021 в 12:41

Ойын 28 наурызда сағат 19.00-де көрермендерсіз өтеді

Футболдан қазіргі әлем чемпионы Франция құрамасы Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

28 наурызда Франция құрамасы «Әлем чемпионаты – 2022» іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы ойын өткізеді. Елордаға команданың барлық жұлдызды ойыншысы, соның ішінде ПСЖ-дан Киллиан Мбаппе, «Барселонадан» Антуан Гризманн және «Манчестер Юнайтедтен» Пол Погба келді. Олар да Қазақстан құрамасына қарсы матчте өнер көрсетеді.

Ойын 28 наурызда сағат 19.00-де көрермендерсіз өтеді. Оны Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бүгін, 27 наурызда Франция құрамасы матч қарсаңында «Астана Аренада» жаттығу өткізеді.