Қазақстан қоржынына Азиаданың төртінші алтыны түсті

02.10.2023 в 13:07

Бұдан бұрын екі күміс медаль жеңіп алғанын еске салайық

Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында үздік атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің ерлер командасы каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, мәре сызығына бірінші болып жетті. Жапония спортшылары екінші орынды иеленсе, қола жүлде ирандық ескекшілердің еншісінде.

Айта кетейік, еліміз қоржынында 36 медаль бар.

– Жеңістен кейінгі көңіл күйіміз өте тамаша, бізді ынталандырып, күш-жігер сыйлады. Эмоцияны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазақстанның алтын медаль алғаны қандай керемет! – деді Азия ойындарының жеңімпазы Сергей Емельянов.

Бұдан бұрын спортшыларымыз екі күміс медаль жеңіп алғанын еске салайық.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық ескекшілер екі қола медаль жеңіп алды