Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінің финалында жеңіліп қалды

13.06.2021 в 13:08

Тартысты бәсеке 2 сағат 10 минутқа созылды

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық жұп финалда франциялықтар Пьер-Юг Эрбер – Николя Маюмен күш сынасты. Франциялық жұп осыған дейін «Үлкен дулыға» турнирінің финалында алты рет ойнап, соның төртеуінде жеңіске жеткен екен. Бірінші партияда қазақстандықтар есесін жібермеді – 6:4. 

Екінші сетте брейк жасаған корт иелері 3:1 есебімен алға шыққанымен, Бублик пен Голубев сол бойда қарымта қайырды – 3:3. Есеп 4:4 болғанда, қазақстандықтар тағы бір брейкке қол жеткізді – 5:4. Дегенмен А.Бублик матчқа доп бергенде, қазақстандық жұп сол мүмкіндікті пайдалана алмады – 5:5. 

Ақыры тай-брейкте франциялықтар әбжілдік танытты – 7:6 (7:1). Шешуші, үшінші партияда есеп 3:3 болған мезетте жанкүйерлері қолдаған франциялық жұп брейк жасап кетті. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағат 10 минутқа созылды. 

Дегенмен ерлер арасында қазақстандық жұп алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына дейін жетті.