Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды

12.06.2021 в 13:13

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті

Каратэден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбаева ел қоржынына кезекті жолдаманы салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Парижде өтіп жатқан лицензиялық додада күміс жүлдегер атанды. 

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әлемдік іріктеу жарысында жолдамаға ие болды. 

Айта кетерлігі, бұл каратэден Қазақстан қоржынындағы екінші лицензия. 

Бұған дейін Дархан Асаділов мерзімінен бұрын Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.