Паралимпиада: Ту ұстап шыққан спортшымыз шаңғы жарысында жетінші болып келді

06.03.2022 в 14:06

Оған 50 елден 700-ден астам спортшы қатысып жатыр

Бейжіңде Паралимпиада ойындарында ерлер арасында шаңғымен отырып жарысатын сайыс өтті, оған үш қазақстандық атлет қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қытайлық Чжень Пэн жеңімпаз атанды, оның отандасы Мао Чжон У күміс жүлдеге ие болды, үшінші орынды канадалық спортшы Коллин Кэмерон еншіледі.

Қазақстаннан ұлттық құраманың ту ұстаушысы Ербол Хамитов үздік нәтиже көрсетіп, жетінші болып келді ( +6:13.9 қалды).

Юрий Березин мен Денис Петренко сәйкесінше соңғы болып жетті - 24-ші және 25-ші орындар.

Қысқы Паралимпиада ойындары Бейжіңде 4 наурызда басталған, 13 наурызға дейін жалғасады.

Оған 50 елден 700-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Қазақстаннан екі спорт түрінен - биатлон мен шаңғы жарысынан 5 паралимпиада спортшысы сайысқа түсуде.

Дереккөзі: inform.kz