Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатына қатысады

15.08.2021 в 14:11

Чемпионатқа ең көп делегация Қазақстан, Үндістан және Өзбекстаннан бармақ

17-30 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жатар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрлық додасында жалпы есебі 51 чемпионның есімі белгілі болады. Олардың ішінде 25 қыз, 26 ер бала бар.

Чемпионатқа ең көп делегацияны Қазақстан, Үндістан және Өзбекстан алып бармақ.

Одан бөлек, құрлық біріншілігі тарихында алғаш рет екі жас ерекшелігіндегі спортшылар бақ сынайды.

2003-2004 жылы туған спортшылар жастар арасында, 2005-2006 жылғы боксшылар жасөспірімдер арасында өзара мықтыны анықтайды.