Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты шешім қабылдады

26.02.2022 в 14:15

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) қыркүйек айында үшінші жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

ESPN телеарнасының инсайдері Майк Коппинджердің ақпараты бойынша Головкин келісімге қол қойып, мәміленің өзіне қатысты бөлігін жапқан. Бұл ақпаратты промоутер Эдди Хирн растады.

Қыркүйекте "Канеломен" кездесу үшін Головкин алдымен сәуірде жапондық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңуі керек. Олар орта салмақтағы әлем чемпионының үш титулы үшін жұдырықтасады - IBF, IBO және WBA Super.