Алматыда киберспорттың финалы өтеді

04.05.2023 в 14:26

Жарысқа үш пән бойынша 12 студенттік команда қатысады

Алматыда 5-6 мамырда Almaty Cyber Games Students League киберспорт бойынша жарыстың финалы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның жүлде қоры 3 млн теңге. Жарысқа үш пән бойынша 12 студенттік команда қатысады. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар Almaty Cyber Games International жазғы халықаралық турниріне шақыру алады.

5-6 мамыр сағат 10:00-де Қазақстан-Британ техникалық университетінің Тәуелсіздік залында өтеді. Төле Би көшесі 59.