Нұржан Батырбеков - Азия ойындарының чемпионы

05.10.2023 в 14:40

Бұл - Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жетінші алтын медалі

Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда  БАӘ келген қарсыласы Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді.

Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жетінші алтын медалі.

- Нұржанды осы жеңісімен құттықтаймын! Бүгін  көптеген адамдарды таң қалдырды және ерекше қуантты. Жасына қарамастан,  біздің спортшымыз керемет шеберлік пен жеңіске деген сенімділік көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін, - деп атап өтті ҚР Спорт туризм министрі Ермек Маржықпаев.

Оқи отырыңыз:Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алтыншы алтынды жеңіп алды