Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

07.10.2023 в 14:45

Жалпы жүлде қоры 82,5 млн теңге

Бүгін 7 қазанда Алматы ипподромында бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының финалы өтіп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары ақтық сайыста құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйге бойынша жарысып, бақ сынайды. Жалпы жүлде қоры 82,5 млн теңге, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Финалда шабандоздар жорға жарыс және құнан бәйге, ұлы аламан және ұшқыр бәйге сынды жарыстың төрт түрінен бақ сынасады.

Іс-шарада Асылбек Еңсепов, Медеу Арынбаев және Әзімбек Байлин сыңды мәдениет өкілдері  өнер көрсетеді. Сонымен қатар, "Ұлттық киім - ұлт ажары" ұлттық киімдер байқауы өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 7-8 қазанда қайда баруға болады