Әлемге танымал шахматшы қазақ қызы басшылық қызметке тағайындалды

08.03.2021 в 14:50

Динара Сәдуақасова шахматта ойнауды бес жасында үйренген

Қазақстандық Динара Сәдуақасова FIDE халықаралық шахмат федерациясы спортшыларының комиссиясын басқарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы спортшы Instagram желісінде хабарлады.

«Сіздерге қуанышты жаңалық айтпақпын.  FIDE спортшылары комиссиясының төрайымы болып тағайындалдым», – деп жазды Сәдуақасова.