Елена Рыбакина Брисбенде өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

07.01.2024 в 14:59

Финалда Беларусь спортшысы Арина Сабаленкодан басым түсті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ktf.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық теннисші финалда басты қарсыластарының бірі, әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Елена бет қаратпады — 6:0.

Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді — 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Осылайша Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанды.

Оқи отырыңыз: Елімізде дәстүрлі садақ ату спорты қолдауға мұқтаж