ӘЧ-2022: бүгін 1/8 финалдың алғашқы ойындары өтеді

03.12.2022 в 15:11

Ең алдымен Нидерланд - АҚШ құрамалары кездеседі

Бүгін Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ең алдымен Нидерланд - АҚШ құрамалары кездеседі.

Кездесу елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын ел астанасы - Доха қаласындағы 45857 жанкүйерге арналған «Халифа Интернейшнл» стадионында өткізіледі. Бас төреші - бразилиялық Вилтон Сампайо. Оған Бруно Бошилия мен Бруно Пирес. Қосалқы төреші - уругвайлық Андрес Матонте (Уругвай).

FIFA рейтингінде Нидерланд - 8, АҚШ 16-орында тұр.

Топтық кезеңде Нидерланд А тобында 7 ұпаймен бірінші орын алды. Олар Сенегал мен Қатарды 2:0 есебімен тізе бүктіріп, Эквадормен 1:1 есебімен тең түсті.

Ал В тобында АҚШ екінші орынға табан тіреді. Олар Иранды 1:0 есебімен жеңсе, Уэльспен 1:1, Англиямкен 0:0 есебімен тең түсті.

Екі құрама бұған дейін алты мәрте кездесті. Оның бесуінде нидерландтық футболшылар жеңіске жетсе, біреуінде американдық құрама басым түсті.

Сондай-ақ, елорда уақытымен 1.00-де Аргентина мен Австралия кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Ойын Аль-Райан қаласындағы 45032 жанкүйерге арналған «Ахмед бин Али» стадионында өткізіледі. Бас төреші - польшалық Шимон Марциняк. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Томаш Листкевич көмекшілік жаасйды.. Қосалқы төреші - гватемалалық Марио Эскобар.

FIFA рейтингінде Аргентина - 3, Австралия 38-орында тұр.

Топтық кезеңде Аргентина С тобында алты ұпаймен бірінші орын алды. Олар алдымен Сауд Арабиясынан 1:2 есебімен жеңіліп, Мексика мен Польшадан 2:0 есебімен басым түсті.

Ал D тобында Австралия алты ұпаймен екінші орынды қанағат тұтты. Олар Франциядан 1:4 есебімен жеңіліп, Тунис пен Данияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Екі құрама бұған дейін жеті мәрте кездесті. Оның бесеуінде аргентиналық, біреуінде австралиялық футболшылар жеңіске жетсе, бір кездесу тең нәтижемен аяқталды.