Чиншанло мен Сон Токио Олимпиадасына қатысады

12.06.2021 в 15:14

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылардың есімдерін атады

Ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанло (55 келіге дейін) және Игорь Сон (61 келіге дейін) атаулы лицензиялардың иегерлері атанып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) мәлімдеді. Енді Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон Олимпиадада еліміздің атынан бақ сынайды.

Бұған дейін Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, спортшы Алина Әділханова көркем гимнастикадан Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, 2021 жылғы Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.