«Астана» футбол клубы толқу боп жатқан Беларусь еліне аттанды

16.08.2020 в 15:18

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады

«Астана» футболшылары 16 тамызда Чемпиондар лигасының бірінші турында матч өткізу үшін Беларуссияға бағыт алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Команда Алматыдан чартерлік рейспен Брестке ұшты.

18-19 тамызға қараған түні команда жергілікті Динамоға қарсы матч өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.