Төрт нокдаун: Садриддин Ахмедов қарсыласын ойсырата жеңді

25.12.2022 в 15:42

Ахмедов проф рингтегі 13-жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) кәсіпқой рингке сенім оралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда өткен бокс кеші аясындағы негізгі жекпе-жекте Ахмедов 40 жастағы оңтүстік африкалық Нкулулеко Мхлонгомен (23-10-1, 18 КО) кездесті.

Жекпе-жек біржақты болды. Бірінші раундтың өзінде қазақстандық қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді. Мхлонго екінші айналымға өте алмады.

Осылайша, Ахмедов проф рингтегі 13-жеңісіне қол жеткізді. Ол 11 рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Айта кетейік, қазақстандық рингке екі жылға жуық уақыттан кейін оралды. Ахмедов бұған дейін былтыр қаңтарда бокспен айналысқан.