Қазақстан бокс қауымдастығының халықаралық рейтингінде бірінші орында тұр

03.01.2023 в 15:25

Бұл жөнінде ҚР бокс федерациясынан мәлім етті

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр. Бұл жөнінде ҚР бокс федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің есебінде 48 100 ұпай бар. Екінші орындағы Өзбекстан боксшыларында – 37 600 ұпай болса, үздік үштікті 36 300 ұпаймен Үндістан боксшылары түйіндеп тұр», - деп жазылған федерация таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған.