Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай Алматыда бәйге өтті

31.07.2023 в 15:28

Қазақстанның 7 облысынан келген 100-ден аса шабандоз бақ сынасты

Мысырды билеген қазақ Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай Алматыда бәйге өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған Қазақстанның 7 облысынан келген 100-ден аса шабандоз қатысты. Сайыста аламан бәйге ғана емес, жорға жарысы мен қыз қуу сынды ұлттық ойында жүйріктер анықталды. Дәстүрді дәріптеген іс-шара Алматыдағы ипподромда болды.

– Қазақстанның ең үздік 3 жасар аттарының арасындағы жарыс болады. Ол жыл сайын өтеді. Бірақ биылғы жүлде қоры өте жоғары, – деді Qazaq jockey club төрағасы Мақсат Ақаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда I Халықаралық цирк өнері фестивалі қалай өтті