Дүбірлі дода: Астанада таяқ тартудан турнир ұйымдастырылды

19.04.2024 в 16:08

Сайыс республика деңгейінде тұңғыш рет өтті

Астанада алғаш рет таяқ тартудан республикалық турнир ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға еліміздің 10 облысынан жасақталған командалар қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Білектілері мен жүректілері шаршы алаңда түрлі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Кіл жүйрік ішінен таңдалып алынғандарына ұлттық құрама сапына жолдама беріледі. Мұнымен қоса, олар алдағы күзде болатын бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын болады. Айта кетсек, сайыс республика деңгейінде тұңғыш рет өтіп отыр.

- Көбі келе алмады. Бірақ қазір 10 облыстан спортшылар келіп қатысып жатыр. Бірінші мақсатымыз - қазір құрама команда дайындап, іріктеу жүргізу. Өздеріңіз білесіздер, көшпенділер ойындарға сондай маңызды жұмыстар атқарып жатырмыз, - деді "Таяқ тарту" республикалық федерациясының президенті Талап Иматалиев.

Оқи отырыңыз: Алматыда жартылай марафон өтеді