Алғашқы медаль: Елдос Сметов Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

24.07.2021 в 16:30

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов кіші финалда Нидерланд өкілі Торние Цакаджоеден басым түсті

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов кіші финалда Нидерланд өкілі Торние Цакаджоеден басым түсті. Жеңімпаз қосымша белгіленген уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын еншіледі.

Осылайша, 60 келі салмақта сынға түскен Елдос Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.