Алматыдағы Түрксіб ауданында Наурыз мейрамы қалай өтуде

20.03.2024 в 16:38

Ұлттық ойындар күніне орай орталықта спорттық жарыс ұйымдастырылды

Алматының Түрксіб ауданындағы комьюнити орталықта да әз-Наурыз үлкен ауқымда тойланып жатыр. Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық ойындар күніне орай орталықта спорттық жарыс ұйымдастырылып, концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік іс-шараға қатысқандар да дән риза. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты дарыту.

– Жастарға ұлттық спортты дәріптеу мақсатында арқан тартыс, асық ату, қол күрестен жарыс өткіздік, – деді комьюнити орталықтың менеджері Олжас Тасберген.

Оқи отырыңыз: Алматыда студенттер Ұлттық спорт күнін атап өтті