Каратэші Дидар Әмірәлі қола жүлдеге ие болды

07.10.2023 в 16:39

Ирандық Амир Мехдизадені 7:2 есебімен жеңді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Дидар Әмірәлі қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық каратэші 67 келіге дейінгі салмақта қола медальді жеңіп алды.

Дидар жартылай финалда екі мәрте әлем және Азия чемпионы, ирандық Амир Мехдизадені 7:2 есебімен жеңіп кетті.

Осылайша, бүгін татамиге шыққан үш қазақстандық каратэші де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ олимпиада жүлдегері Софья Берульцева Азия ойындарының финалына шықты.

Оқи отырыңыз: Азия ойындары: Галина Дуванова күміс жүлдегер атанды