Президент шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады

31.01.2022 в 17:43

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшыға жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді

Президент Варшавада өткен әлем чемпионатында шахматтың «блиц» түрінен алтын және «рапид» бойынша күміс медаль иеленген жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бибісара Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, спорттағы мансабына қатысты алдағы жоспарымен бөлісті», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін атап өтіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.