Алматыда БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтеді

16.02.2022 в 19:09

Іс-шара Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітханов және Бейсен Құранбекті еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр

Алматыда қазақ журналистикасының майталмандары Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітханов және Бейсен Құранбекті еске алуға арналған БАҚ өкілдерінің арасында шағын футболдан өтетін республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Тұлпар» ат орталығының ұйымдастыруымен өтетін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты  Амангелді Сейітханов және ҚР Президенті сыйлығының иегері, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған БАҚ өкілдерінің арасында шағын футболдан өтетін республикалық турнирге шақырады», - делінген орталықтың баспасөз хабарламасында.   

Іс-шара 19 ақпан күні сағат 10.00-де Ілияс Жансүгіров көшесі, 262/2 мекенжайында орналасқан «Тұлпар» ат орталығында өтеді.

Өтінімдерді @tulparalmaty электрондық поштасына жіберуге болады.