Дамир Әбдіқадір күміс медальға қол жеткізді

26.02.2022 в 23:11

51 келі салмақта сынға түскен Дамир Әбдіқадір финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы өзбестандық Хасанбой Дусматовқа жол берді

Болгария астанасында бокстан өтіп жатқан «Странджа кубогында» ерлер арасында қазақстандық Дамир Әбдіқадір күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

51 келі салмақта сынға түскен Дамир Әбдіқадір финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы өзбестандық Хасанбой Дусматовқа жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін аталған турнирде әйелдер арасындағы айқастарда Назым Қызайбай алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Дина Жоламан күміске қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары да бар.

Турнир 28 ақпанда мәресіне жетеді.