Астанада 11 бағыт бойынша қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды

08.01.2023 в 09:54

Ауа райының қолайсыздығына байланысты

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар автобустар тоқтатылды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап..

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қала маңына қатынайтын № 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317, 318, 327 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда»,  делінген хабарламада.