Мегаполис көшелеріне жоспарланған жөндеу жұмысы кейінге қалдырылды

08.07.2023 в 10:17

Жол қозғалысына енгізілген өзгерістер туралы қосымша ақпарат таратылатын болады

Ауа-райы қолайсыздығына байланысты Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде 7 шілде сағ.23:00 мен 9 шілде сағ.06:00 аралығында жүргізілуі жоспарланған орташа жөндеу жұмыстары ауа райы қолайлы болғанға дейін кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісіі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Жол жабу қажеттілігінің болмауына байланысты Абай даңғылымен 8 шілде күні маршруттар өзгеріссіз қызмет көрсететін болады.

Жол қозғалысына енгізілген өзгерістер туралы қосымша ақпарат таратылатын болады.