Республикалық маңызы бар тасжол ашық тұр

20.12.2022 в 10:24

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады

19 желтоқсаннан 20 желтоқсанға қараған түні Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлерінде республикалық маңызы бар тасжолдың бірнеше учаскеcі жабық болған еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәліметінше, жолшылар қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, көктайғаққа қарсы 200 м3-тен астам материал пайдаланған.

Республикалық маңызы бар автожолда арнайы техника жұмысын жалғастырып жатыр.

Желіде 200-ден астам жолшы еңбектеніп жүр. Республикалық маңызы бар тасжол ашық.