Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында тікелей әуе рейсі ашылды

06.07.2022 в 10:49

Рейстер RRJ-95 типті ұшақтармен орындалады

Қазақстан мен Башқұртстанды тікелей әуе рейсі байланыстырады: Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында аптасына бір рет қатынайтын әуе рейсі іске қосылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресейлік "Азимут" әуе компаниясы 2022 жылдың 8 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына бір рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер RRJ-95 типті ұшақтармен орындалады.

Билет әуе компаниясының ресми сайтында сатылады.

Рейс "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасын" іске асыру шеңберінде ашылып отыр.